Қазақстанда Burger King фаст-фуд тағамдары желісіне қатысты дау туды. Оған Threads әлеуметтік желісіндегі жазба түрткі болды. Жанат Қаратай есімді қолданушы аутизм диагнозы қойылған 27 жастағы ұлы, Әлібек Қаратайды Burger King компаниясында аспаз болып істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарып жібергені туралы жазады. Ол 4 жыл табан аудармай жұмыс істеген Әлібекті жұмыс орнынан қудалау күз айында Сергей есімді өңірлік жетекші тағайындалған сәтте басталған.
“Ол 4 жыл тұрақты жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан ақшасын қуана жұмсады, ұжымның бір мүшесі ретінде өзін еркін сезінді, қосымша жұмысқа қалды, демалысын жоспарлады, бір филиалдан екіншісіне ауысты. Алайда, күз мезгілінен бері ұлымның көңіл-күйі бұзылды. Енді оны жұмыстанк етуге мәжүрлеп жатыр”, – деп жазады ашынған ана.
Әлібектің анасы жаңа басшымен тілдескен. Алайда, ол жарытып ештеңе айтпаған. Жанат Қаратайдың байқауынша Сергей есімді азамат Қазақстанға көрші елден келген болуы керек, “меніңше, инклюзивті қоғам қағидаларымен таныс емес” деп ой түйеді.
Бұл жазба әлеуметтік желіде тез тарап, қазақстандықтардың ерекше назарын аударды. Ақырында, компания ресми мәлімдеме жасап, қызметкер жұмыстан шығарылмағанын хабарлады. “Еңбек қатынастарын тоқтату туралы шешім қабылданған жоқ” деп мәлімдеді. , – делінген хабарламада.
Компанияның дерегінше, 29 қаңтарда HR бөліміне қызметкерден демалыс алу туралы өтініш келіп түскен, содан кейін ол жұмысқа шықпаған. 6 ақпанда компанияға анасы атынан еңбек шартын тоқтату туралы өтініш берілген. “Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мұндай өтінішті қызметкердің өзі рәсімдеуі қажет”, – деп түсіндірді компания.
“Біз жағдайды шешудің бірнеше жолын, соның ішінде басқа мейрамханаға ауыстыру мүмкіндігін ұсындық. Қызметкер мен оның отбасымен конструктивті форматта диалогқа дайынбыз”, – делінген компания таратқан хабарламада.
Компания бұл жағдай бойынша ішкі тексеріс жүргізіп жатқанын да хабарлады.