homepage

Шымкентте судья жазаны жеңілдету үшін 110 млн теңге пара алмақ болған

Juzmedia. kz
12.12.2024, 19:53

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

СУДЬЯ СОТТАЛУШЫНЫҢ ЖҰБАЙЫН ПАРА БЕРУГЕ ИТЕРМЕЛЕГЕН

Агенттік қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Мәселен, Агенттік Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.

«Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда», - делінген хабарламада.

ІС СОТҚА ЖОЛДАНДЫ

Бас прокуратура биылғы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Антикор хабарламасында.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін, әрбір адам кінәсіз болып саналады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.