Өткен жылы Қазақстанда бензин бағасы 15,7% қымбаттаған. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Еуразиялық экономикалық одақ статистикасына сәйкес, бензин бағасының өсуі бойынша екінші орында Қырғызстан – 15,1 пайыз, үшінші орында Ресей – 10,8 пайыз. Ал Арменияда, керісінше, бензин бағасы 0,8 пайызға төмендеген.
Дизель отыны бойынша да жағдай ұқсас. Қазақстанда бір жылда дизель 14,1 пайызға қымбаттаған. Қырғызстанда өсім 11,1 пайыз, Ресейде 9,8 пайыз болған. Арменияда дизель бағасы 0,9 пайызға арзандаған.
Соған қарамастан, доллармен есептегенде Қазақстан ЕАЭО елдері арасында бензин мен дизель ең арзан мемлекет болып қалып отыр.