homepage
Фото: Qazaqparat

Қорғаныс министрлігі халыққа ескерту жасады

16.02.2026, 12:00

Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен бөлімдерінде жоспарлы тексеру өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техникалар көбейеді. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін», –  деді Қорғаныс министрлігі.

Мекеме азаматтарды, БАҚ өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпарат таратпауға әрі тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.