homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Әлиев Ресейді тағы айыптады

16.02.2026, 11:38

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей Киевтегі елшілік ғимаратына әдейі соққы жасады деп айыптады. Оның сөзінше, әуе шабуылдары тамыз және қараша айларында болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әзербайжан басшысы бұл жайында Мюнхенде өтіп жатқан қауіпсіздік конференциясы барысында мәлімдеді. 

“Бірінші шабуылды біз кездейсоқ жағдай шығар деп болжап, кейін ресейлік әріптестерімізге Әзербайжанның барлық дипломатиялық өкілдіктерінің координаттарын, соның ішінде консулдық бөлімді, мәдени орталықтарымызды және елшілік орналасқан аумақтарды түгел жібердік. Соған қарамастан тағы екі шабуыл жасалды. Демек, бұл Әзербайжанның дипломатиялық өкілдігіне жасалған қасақана шабуыл”, — деді Ильхам Әлиев.

Ал, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Әлиевтің бұл айыптауына “шындыққа сәйкес келмейді” деп жауап қатты.