homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Трамп: «Бейбітшілік кеңесі» Газаға 5 млрд доллар бөледі

16.02.2026, 10:35

АҚШ президенті Дональд Трамп «Бейбітшілік кеңесі» 19 ақпанда Газа секторын қалпына келтіруге және анклав тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге 5 млрд доллар бөлетінін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ол бұл туралы Truth Social желісіндегі парақшасында жазды. Трамптың айтуынша, кеңеске мүше елдер Газаға халықаралық тұрақтандыру күштері мен полиция құрамында жұмыс істеу үшін мыңдаған адам жібермек.

Президент ХАМАС-тың толық әрі жедел қарусыздануға дайын екенін растауы қажет екенін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұл – өңірдегі тұрақтылықтың негізгі шарты.

Трамп «Бейбітшілік кеңесін» «шексіз әлеуеті бар орган» деп сипаттап, оған төрағалық ететінін мақтан тұтатынын айтты. Ұйым жарғысына 20 мемлекет қол қойған, олардың қатарында Қазақстан да бар.