homepage
Фото: ашық дереккөзден

Тоқаев ұсынған Халықаралық орыс тілі ұйымы жуық арада іске қосылмақ

15.02.2026, 22:11

Қазақстан қабылдауға әзірленіп жатқан жаңа  Конституцияда орыс тілінің ресми мәртебесін сақтап қалуы – жақсы сигнал. Бұл жайында TACC ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты барысында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Бұны тек жақсы сигнал ретінде бағалауға болады. Сондай-ақ, орыс тілі Қазақстанда өз мәртебесін сақтап қана қоймай, Қазақстанның бастамасымен ТМД кеңістігінде де, әлемде де маңызы арта түседі деп айтуға негіз бар», – деді ол.

Бұл ретте елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық орыс тілі ұйымын құру бастамасын еске салды. Дипломаттың айтуынша, «алдағы айларда оның жұмысын іске қосу үшін қажетті шаралар өтеді».