Астанада құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан LRT аялдамасының бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Төтенше жағдай Сарайшық ауданында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы аялдамада болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөле бөлігінде өртті тез арада ауыздықтады.
Өрт шамамен 10 шаршы метр аумақты қамтыған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұл Astana LRT нысанында тіркелген алғашқы өрт емес. Былтыр мамыр айында құрылыс материалдары жанған. Ал 2024 жылдың жазында учаскеде фанерден жасалған қалып өртеніп кеткен болатын.