homepage

Қоспаевтың қылмыстық тобы: тәркіленген 2,2 млрд теңгенің мүлкін шетелдіктерге сатпақ болған

Juzmedia. kz
12.12.2024, 18:39

Қаржы мониторингі агенттігінің сот үкімі бойынша тәркіленуге жататын тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Бұған дейін Агенттік "AV-Construction" ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ҰҚТ қатысты тергеуді аяқтаған болатын.

Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында сот құрылтайшысы Айдос Қоспаев саналатын "Nikolsky Investment" ЖШС тиесілі Алматы қаласындағы "Никольский" базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған.

НЕ ӨЗГЕРДІ?

Алайда биылғы қыркүйекте «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеу жүзеге асырылып, шектеулер алынып тасталған.

«Биылғы 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген», - делінген ҚМА хабарламасында.

БҰРЫН СОТТАЛҒАН ҮШ АДАМ ҰСТАЛДЫ

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен «Қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Сондай-ақ жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды», - деді агенттік өкілдері.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.