Ulytau Group компаниясы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Астанадан үш бөлмелі пәтер тарту етті. Пәтер Есіл өзені жағалауында орналасқан New City Life тұрғын үй кешенінен берілмек, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Компания әлеуметтік желідегі парақшасында спортшыны жеңісімен құттықтап, бұл сый құрмет белгісі екенін атап өтті.
Бұған дейін чемпионға әнші Димаш Құдайберген көлік сыйлайтынын мәлімдеген еді. Сонымен қатар inDriver компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Михаилдың әкесіне Audi Q8 автокөлігін тарту етті.
Одан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.