homepage
Фото: kaktus.media

Қырғызстанда Ташиевтің жиені қызметінен қуылды

15.02.2026, 11:15

Көрші Қырғыз еліндегі саяси ауыс-түйіс әлі басылар емес. Енді елдің көлік прокуратуроры Нұрғазы Матисаков қызметінен босатылды. Ол Қамшыбек Ташиевтің жиені деп хабарлайды Juzmedia.kz. Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Матисаков бұған дейін прокуратура органдарында бірқатар лауазымды атқарған. Атап айтқанда, Шу облысындағы Өзгөн, Жайыл және Ысык-Ата аудандарының прокуроры болған.

Бұған дейін, нақтыласақ 10 ақпанда Қамшыбек Ташиевтің Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болған еді. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған.

Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша, Ташиевке жақын адамдар депутаттарға хабарласып, «генералдың жағына өтуді» және «президент сайлауын қайта бастау» туралы бастама көтеруді сұраған.

Ташиев бұл жайында Германияда ем алып жатқанда естіген, ол мемлекет басшысының шешімі қандай болса да, оны орындайтынын айтып, ел ішіндегі бірлікті сақтап қалуға үндеген.