Елде баспанасыз жүрген 14 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.
Үйлі болғандардың қатарында география, балық шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, физика, химия және ауыл шаруашылығы салаларындағы мамандар бар. Олардың бәрі ғылыми жобаларға қатысып, халықаралық басылымдарда мақалаларын жариялаған зерттеушілер.
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Гүлдана Маратова 12 жыл бойы баспанасыз жүрген. Ол енді екі бөлмелі баспананың иесі атанған.
Министрлік мәліметінше, өткен жылдың соңында да он жас ғалымға пәтер берілген.