homepage
Фото: ang.edu.kz.

Президент Ұлттық қорғаныс университетінің басшысын тағайындады

14.02.2026, 15:03

Ақорданың хабарлауынша, Президент өкімімен Бауыржан Әбжанов Қазақстан Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды.

Бауыржан Әбжанов 1968 жылы 10 сәуірде Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген. 1990 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің Новосібір жоғары әскери командалық училищесін тәмамдаған. 1998 жылы Фрунзе атындағы әскери академияны, 2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын үздік бітірген.

«Ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие. КСРО мен Қазақстанның 27 медалімен марапатталған. 2011 жылғы 5 мамырдағы Президент Жарлығымен оған генерал-майор әскери атағы берілген.