homepage
Фото: olympic.kz/ Сали Сабыров

Шайдоров Олимпиада алтыны үшін қанша сыйақы алады?

14.02.2026, 12:34

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін 250 мың АҚШ долларына тең сыйақы алады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл төлем көлемі Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Құжатқа сәйкес, Олимпиададағы алтын медаль үшін қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар көлемінде қаржы қарастырылған. Қазіргі бағам бойынша бұл шамамен 123,7 миллион теңге. 

Шайдоровтың алтыны әзірге Қазақстан құрамаса қоржынындағы жалғыз медаль. 

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің жаттықтырушыларына да бөлек сыйақы қарастырылған. Михаил Шайдоров ресейлік маман Алексей Урмановтың жетекшілігімен жаттығады.