homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев Шайдоровты "Барыс" орденімен марапаттады

14.02.2026, 10:09

Мемлекет басшысы спортшының мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алуын тарихи маңызы бар жетістік деп бағалады. Президент Шайдоровқа жоғары шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев барша спорт жанкүйері мен ел азаматтары бұл жеңісті мақтан тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ ол Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Президент жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерациясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіріп, Олимпиада чемпионына алдағы уақытта да толайым табыс пен жаңа жеңістер тіледі.