Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алуымен құттықтап, өсиетін айтты Juzmedia.kz.
Головкин Шайдоровтың мойнындағы медальді көрсетіп, оның екінші жағын барын ескертті.
«Енді сен олимпиадалық отбасының мүшесісің. Бірақ бұл медальдің екінші жағы да бар – даңқ пен атақтың сынағы. Адам болып қал. Олимпиада чемпионы атану – үлкен жауапкершілік. Алтын – сенің еңбегің, бірақ ол сені адам ретінде айқындамайды. Адам ретінде қалыптасу үшін өзіңді ең алдымен адамгершілігің арқылы көрсетуің керек. Бұл медаль барлық есікті аша бермейді», — деді ол.
Өз кезегінде Шайдоров қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, сол қолдаудың өзіне үлкен күш бергенін жеткізді.