Қазақстандық фигурист Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында сенсация жасап, Олимпиада жүлдегері атанды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы бесінші орында тұрған еді.
Швйдоров еркін бағдарламаны мінсіз орындап, Қазақстан қоржынына алғашы алтын медальді салды.
Жарыс алдында бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық спортшы төрт емес, бес төрттік секіру (квад) орындауы мүмкін екенін жазған еді. Ол бұл тәуекелге барып, тапсырманы сәтті орындады. Нәтижесінде Михаил Шайдоров жалпы 291,58 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты.
Екінші орында келе жатқан жапониялық Яма Кагияма еркін бағдарламада бірнеше қателік жіберіп, қысқа бағдарламадан кейінгі 11 ұпайлық басымдығынан айырылды. Ал, АҚШ-тың әлем чемпионы Илья Малинин еркін бағдарлама барысында бірнеше рет құлап қалды.
Бұған дейін Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанауда жүлде алған жалғыз спортшы – марқұм Денис Тен болатын. Ол 2014 Winter Olympics ойындарында қола жүлдегер атанған еді.