Оқу-ағарту министрлігі шығындарды оңтайландырып, басымдықтарды қайта қарауға кірісті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мекеменің жоспарынша, енді қаржы формалды сипаттағы іс-шараларға емес, білім сапасын арттыруға бағытталады. Осыған байланысты бірқатар форумдар мен жиындар қысқартылып, республикалық және өңірлік деңгейдегі шаралар тізімі қайта сараланады.
«Ендігі кезекте білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға бағытталады. Соның аясында, есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады. Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, тек білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады», – дейді министр.