homepage
фото: ашық дереккөзден

Өскеменнің ауасы қашан тазарады?

13.02.2026, 17:34

Өскеменнің ауасы әбден ластанды, бұл тұрғындардың денсаулығына қатер тудырып отыр. Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашынов түтінге тұншыққан қаланың қазіргі ахуалын айтып, Энергетика министрлігінен елдің шығысын газдандыру мәселесін сұрап білді. 

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Солтүстік Қазақстан мен Солтүстік Шығыс Қазақстан өңірлерін газдандырудың екі шешімі барын айтады. 

Бірі, Қазақстанның шығысы арқылы Қытайға транзитпен өтетін ресейлік экспорттық газ құбыры. Бұған дейін оның қуаты жылына 45 млрд текше метр газды құрайтыны хабарланған болатын. Оның ішінде 10 млрд текше метр – қазақстандық тұтынушыларға, ал 30 млрд текше метр – Қытайға экспортқа бағытталады.

“Алайда қазіргі таңда бұл газ құбырын Моңғолия арқылы жүргізу туралы шешім қабылданды. Дегенмен келіссөздер әлі жалғасып жатыр. Шығысты газданжырудың тағы бір шешімі  2027 жылдан бастап 2030 жылға дейін жүзеге асатын «Ишим Астана» жобасы. Солтүстікті газдандырып алған соң, Шығыстағы мәселені шешуге назар аударамыз”, - деді вице-министр.