Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та екі қазақстандықтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Министрліктің мәліметінше, бұл туралы Қазақстанға АҚШ-тың құқық қорғау органдары ресми түрде хабарлаған.
«Министрлікке аталған азаматтардың ұсталғаны туралы белгілі. Нью-Йорктегі Бас консулдық америкалық тараппен тұрақты байланыста», – делінген Tengrinews сайтының сауалына жауап берген ведомство.
Әзірге олардың туыстары елшілікке жүгінбеген. Бұған дейін Чикагода екі қазақстандыққа америкалық Medicare және Medigap медициналық сақтандыру бағдарламалары арқылы ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылғаны хабарланған. Тергеу дерегінше, олар жалған медициналық құрал-жабдықтар мен тексерулерге 1 млрд доллардан астам сомаға құжат рәсімдеген.
Істердің бірінде қазақстандық азаматқа заңсыз алынған ақшаны жасыру үшін келісіп әрекет етті деген айып тағылса, екінші азаматқа да медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыны заңдастыруға қатысы бар деген күдікпен қолға түсіті.