homepage
фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Торғайдан мұнай табылды

13.02.2026, 16:53

Биылдан бастап Қазақстанның тағы бір өңірінде мұнай іздеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Қанат Ерубаев хабарлады. 

Ол Қостанай облысының Жангелдин ауданында мұнай табылғанын растады. Алайда, она барлау жұмыстары күрделілігіне байланысты үш жылға созылмақ. 

“Бұл – күрделі жұмыс, бірақ оны жүргізу керек. Солтүстік Торғай шөгінді бассейні өте ауқымды. Оның үстіне, солтүстік көрші ел бұл аумақта мұнай мен газ өндіруде. Бізде де осындай кен орындарын анықтауға геологиялық жағдай жеткілікті. Сондықтан Қостанай облысы аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын биылға жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Осы аптада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі мұнай саласына сын айтқан болатын. Оның сөзінше, елде жылына шамамен 100 миллион тонна мұнай өндірілгенімен, соның тек 18 миллион тоннасы ғана өңделеді. Жанармайға сұраныстың артуын ескере отырып, Президент Үкіметке қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды жеделдетіп, жаңа зауыт салу мәселесін шешуді тапсырған.