homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Елордалық құрылыс компаниясының басшысы сотталды

13.02.2026, 16:29

Астанада құрылыс компаниясының жетекшісіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу барысында компанияның проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға бөлінген 2,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде мемлекет пайдасына 412 млн теңге қайтарылды.

Сот үкімімен айыпталушы аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына байланысты коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға 10 жыл мерзімге тыйым салынды.

Келтірілген материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.