homepage
Фото: ҚТЖ

Наурыз қарсаңында пойызға 35 мың қосымша орын ашылады

13.02.2026, 15:04

Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар ағыны күрт артатындықтан, ел бойынша 20 рейске үш қосымша пойыз шығарылады. Сондай-ақ сұраныс жоғары бағыттардағы қолданыстағы құрамдарға 230-ға жуық вагон тіркеліп, жалпы 35 мың қосымша орын ашылады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қосымша пойыздар ең көп қатынайтын бағыттарға бөлінген. Атап айтқанда, №201/202 «Алматы-2 – Астана-1» бағыты бойынша алты рейс жүреді. Алматы-2 станциясынан пойыздар 20, 22, 24, 26, 28 және 30 наурызда жолға шығады. Астана-1 станциясынан кері бағытта 21, 23, 25, 27, 29 және 31 наурыз күндері қатынайды.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент» бағыты бойынша сегіз рейс қарастырылған. Нұрлы жол станциясынан пойыздар 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28 және 29 наурызда жөнелтіледі. Ал Шымкенттен 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30 және 31 наурыз күндері жүреді.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол» бағыты бойынша алты рейс белгіленді.

Ақтөбеден 19, 21, 23, 25, 27 және 29 наурызда аттанады. Нұрлы жол станциясынан кері бағытта 20, 22, 24, 26, 28 және 30 наурыз күндері қатынайды.