homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Алматыда тағы да алаяқтар ұсталды

13.02.2026, 13:08

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды. 270 адам тартылып, 620 миллион теңгеден астам шығын келген. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

2013–2021 жылдар аралығында күдікті «Partners & Consultants» жобасы арқылы өмірді сақтандыру және жинақтаушы салым бағдарламаларына инвестиция салуды ұсынған. 

Азаматтарға жылына 12 пайызға дейін тұрақты табыс уәде етіп, қаражаттар «Evroasia Global Investment» АҚ мен «Evropa Investment» ЖШС есепшоттарына аударылып отырған. Азаматтардың күмәнін сөйілту үшін шетелдік сақтандыру бағдарламалары мен жалған сертификаттарға сілтеме жасалған.

Қаражат қолма-қолсыз аударым арқылы қабылданып, салымшыларға ұзақмерзімді депозит пен инвестициялық міндеттемелерді растайтын жалған құжаттар берілген. Тергеу дерегінше, жиналған ақша жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алуға жұмсалған. Қазір бұл мүлікке шектеу қойылып, күдікті қамауға алынды.