homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Лондон Украинаға мыңдаған зымыран береді

13.02.2026, 12:32

Ұлыбритания Украинаға қосымша 1000 зымыран мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жібереді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жаңа көмек пакеті Ресейдің энергетикалық нысандар мен тұрғын үйлерге жасаған соққыларынан қорғануға бағытталған. Белфастта өндірілетін көпмақсатты жеңіл LMM зымырандарына 390 миллион фунт стерлинг бөлінген.

Алдағы айларда Лондон Киевке тағы 1200 әуе қорғанысы зымыранын және 200 мың артиллериялық оқ-дәрі жеткізуді жоспарлап отыр.