Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев 13 ақпанға қараған түні елге оралды. Ол Манас әуежайынан шыққан соң журналистерге пікір бермеген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұрынғы шенеунік түнде халықаралық Манас әуежайына қонған. БАҚ мәліметінше, ол бірден көлікке отырып, кетіп қалған. Жақтастары оның Германиядағы емі аяқталмаса да, елге оралу туралы шешім қабылдағанын айтқан.
Еске салайық, 10 ақпанда президент Садыр Жапаровтың жарлығымен Ташиев ҰҚМК төрағасы әрі вице-премьер қызметінен босатылған еді. Президент әкімшілігі бұл шешімді "мемлекет бірлігін сақтау қажеттілігімен” түсіндірген.