homepage
Фото: olympic.kz

Бүгін Шайдоров медаль үшін шешуші сынға түседі

13.02.2026, 11:29

13 ақпанда Милан мен Кортинада өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар үш бағдарлама бойынша жүлдеге таласады. Негізгі үміттің бірі – мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бүгін алғашқы болып жарыс жолына шаңғышылар шығады. 15:45-те Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков 15 шақырымдық жеке жарыста сынға түседі. Ал 18:00-де биатлоннан спринт басталады. Бұл сында Владислав Киреев пен Әсет Дүсейнов бақ сынайды. Киреев – осы дисциплина бойынша Азия ойындарының қазіргі чемпионы.

Түнде ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанау бәсекесі аяқталады. Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орында тұр. Ол қола жүлдеден 9,6 ұпайға, ал көшбасшыдан 15,2 ұпайға қалып келеді. Соған қарамастан сарапшылар оның жүлдеге таласу мүмкіндігін жоғары бағалап отыр, басты фаворит - америкалық Илья Малинин. 

Бағдарлама 23:00-де басталып, шамамен үш сағатқа созылады. Шайдоров соңғы топта өнер көрсетеді. Жарыстардың тікелей көрсетілімі QazSport және Jibek Joly телеарналарында өтеді.