14 маусымда Швейцарияда халық санының шекті мөлшерін белгілеу туралы референдум өтеді. Бастаманы Швейцария халық партиясы көтерген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Федералдық кеңес референдум өткізу туралы шешімді әлі бекіткен жоқ.
Жобаға сәйкес, 2050 жылдан кейін елдің тұрақты халқы 10 миллион адамнан аспауы тиіс. Алайда егер өсім табиғи демографиялық көрсеткіштердің есебінен болса, бұл шектеу қолданылмайды.
Қазіргі уақытта Швейцария халқының саны шамамен 9 миллион адамға жеткен. Халықтың шамамен 30% шетелде туған, олардың басым бөлігі ЕО елдерінен келген, кейбірі Швейцария азаматтығын алған.