АҚШ-та Дональд Трамптың жұмысына қанағаттанбайтындар саны 55,2 пайызға жетті. Әсіресе иммирациялық саясат пен ICE қызметінің әрекеттері қоғамда үлкен наразылық тудырып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
RealClearPolitics порталының мәліметінше, қазіргі таңда америкалықтардың небәрі 42,1 пайызы ғана Трамптың президент ретіндегі қызметін қолдайды. Ал NBC News сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 49 пайызы оның шекара және иммиграция саясатына «үзілді-кесілді» қарсы екенін айтқан. Өткен жазда бұл көрсеткіш 38 пайыз болса, 2025 жылдың сәуірінде 34 пайыз болған.
Қоғамдық наразылықтың негізгі себебі ретінде депортациямен айналысатын ICE құрылымының әрекеттері аталады. Соңғы айларда бұл мекемеге қарсы тұрақты түрде шерулер өтіп жатыр. Қаңтар айының соңында өткен акция кезінде АҚШ азаматы Алекс Претти ICE қызметкерлерінің оғынан қаза тапты. Қызметкерлер бұл әрекетін өзін-өзі қорғаумен түсіндірген. Бұған дейін де ICE қызметкері Рене Гуд есімді әйелді оның көлігінде атып өлтірген.
Сарапшылардың айтуынша, Трамптың беделіне Эпштейн ісіне қатысты материалдар, сыртқы саясаттағы жүйесіз қадамдар және өмір сүру құнының қымбаттауы да кері әсер етуде. Әсіресе бұрын республикалықтарды қолдап келген құбылмалы сайлаушылардың теріс айналуы партия үшін үлкен қауіпке айналып отыр. Бұл жағдай қараша айының басында өтетін Конгресс сайлауында республикашыларға ауыр соққы болуы мүмкін.