Үкіметтің резервтік қорынан референдум өткізуге 20,8 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы ОСК мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Осылайша төрт жылда 3 рет референдум өткізуге оқталып отырған Қазақстан жалпы сомасы 50 млрд теңгенің үстінде шығындалмақ.
Ал, 2022 жылдың 5 маусымында қолданыстағы Конституцияға алтыншы рет өзгеріс енгізуге қатысты референдум өтіп, Ата заңның 33-бабына 56 түзету енгізілген. Бұл референдумды өткізуге бюджеттен 16,5 млрд теңге бөлінген. Ал, 2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бүкілхалықтық дауысқа салынып, қазынадан 15,5 млрд теңге бөлінген болатын.