15 наурыз күні Конституцияны өзгертуге қатысты өтетін республикалық референдумда қазақстандықтар бір сұраққа ғана жауап береді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы отырысында Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
Референдумда «Жобасы БАҚ-та 2026 жылдың 12 ақпанында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылады. Аталған саяси науқанның дайындық кестесі мынадай:
- 12 ақпаннан 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізіледі
- 21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы, референдум учаскелері шекарасы туралы мәлімет жарияланады
- 22 ақпанда референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізім ұсынылады
- 27 ақпан-4 наурыз аралығында азаматтар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабар алады
- 12-14 наурызда бюллетеньдер учаскеге жеткізіледі
- 14 наурыз – Тыныштық күні
- 15 наурыз сағат 07:00 – 20:00 аралығында дауыс беруге болады.
Жалпы референдумда 12 416 759 қазақстандық дауыс беруге құқылы.