Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарап, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Қасымбаевтың адвокаты Нариман Кервенов айтты. Оның айтуынша, қорғау тарапы сот шешімімен келіспейді және үкімді заңсыз деп санайды. Адвокаттың сөзінше, енді бұл шешім кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін. Апелляциялық отырыс кезінде сотталушылардың өзі залда болмаған.
«Алғашында оны Талдықорғанға жеткізеді деп хабарлаған. Кейін Петропавлға апарылғанын білдік. Неге бұлай болғанын изолятордағылар да түсіндіре алмады. Қалған сотталғандар Талдықорғанда апелляция шешімін күтіп отырды, ал Қасымбаев Петропавлда болды», – деді адвокат.
Қасымбаевтың есімі жасөспірім Шерзат Полаттың қазасынан кейін атала бастады. Талғардағы қылмысқа «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың қатысы бары дәлелденіп, топтың серкесі атанған Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталған болатын. Одан бөтен бес адам Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков және Данияр Асқаров түрлі мерзімге бас бостадықтарынан айырылған.