homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Астанада жылу ақысы 1,5-2 есе өсіп кеткен

12.02.2026, 18:13

Астана тұрғындары қаңтар айында жылу ақысының айтарлықтай өскенін айтып, шағымданып жатыр. Төлем ақысы бұрынғы айлармен салыстырғанда бір жарым, тіпті екі есеге дейін артқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Астана-Теплотранзит» мекемесі төлем заң талаптарына сай есептелетінін жеткізді. Ұйымның баспасөз хатшысы Розалия Әубәкірованың айтуынша, жылу үшін ақы нақты тұтынған көлемге қарай алынады.

Мекеме жылу ақысының өзгеруіне ең алдымен ауа райы әсер ететінін айтады.

«Жылу ақысының өсуіне немесе азаюына негізгі себеп – ауа райы. Сырттағы температура төмендеген сайын жылу көбірек жұмсалады, соған сай төлем де өседі», – деді Әубәкірованың сөзінше. Биыл қаңтарда орташа ауа температурасы минус 14,3 градус болған. Осы айда бір шаршы метр үшін 196,53 теңге есептелген.

Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап салыққа қатысты өзгеріс енгізілген. Бірақ компания бұл төлемнің күрт өсуіне басты себеп емес екенін айтты.