Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі FlyArystan әуе компаниясын тергеуді бастады. Оған түрткі болған қол жүгінің артық салмағы үшін алынатын төлем тәртібі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мекеме мәліметінше, компания артық салмақ мөлшеріне қарамастан бірдей ақы алған. Яғни жүк 1 келіге артық болса да, 5 келіге артық болса да төлем өзгермеген. Бұл туралы агенттіктің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Нұржан Нұрланұлы айтты.
«Біз нарықта нақты артық салмаққа қарай бөлек төлем алу тәжірибесі бар екенін көріп отырмыз. Мұндай тәсілден бас тарту, біздің ойымызша, тұтынушылардың құқықтарын шектеуі мүмкін. Сондықтан әуе компаниясына қатысты тергеу басталды», – деді Нұрланұлы.
Тергеу нәтижесінде заңбұзушылық бар-жоғы анықталады.