homepage
Фото: primeminister.kz

Үкімет қашан отставкаға кетеді?

12.02.2026, 16:27

Жаңадан сайланған Құрылтай алдында Үкімет өз өкілеттігін доғарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Жаңартылған Конституция жобасында бұл норма 69-бапта жазылған. Оған сәйкес, үкімет премьер-министр басшылығымен жаңа парламент алдында отставкаға кетуге міндетті.

Сондай-ақ, Үкімет немесе оның кез келген мүшесі, яғни кез келген министр өз еркімен президентке өтініш жасап, міндеттерін әрі қарай атқара алмайтынын хабарлай алады. Президент өтініш түскеннен кейін 10 күн ішінде шешім қабылдайды. Егер премьердің өтініші мақұлданса, бүкіл кабинеттің өкілеттігі тоқтатылады.

Яғни, премьердің қызметтен кетуі автоматты түрде үкімет мүшелерінің барлығының қызметтен кетуін білдіреді. 

Бұл норма билік құрылымында тұрақтылық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар Президент өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға немесе оның кез келген мүшесін қызметінен босатуға құқылы.