homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Шавкат Рахмоновтың әйелін қандай жаза күтіп тұр?

12.02.2026, 16:01

UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты қылмыстық іс сот қарауына түсті. Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, 2026 жылдың 16 ақпанында сағат 15:00-де басталады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жол апаты 2025 жылдың 27 шілдесінде, Алматы – Екатеринбург тас жолында болған еді. Әйел Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің рөліне ие бола алмай, көлік аударылған. Қасындағы екі адам апат орнында жан тапсырса, Гүлайым Рахмонованың өзі мен оның баласы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын.

Әуелде Рахмонова куәгер ретінде жауап бергенмен, кейін іс Қылмыстық кодекстің 345-бабына ауыстырылған. Яғни, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу дерегі бойынша қаралуда. Бұл бап бойынша оның кінәсі дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ.