Алматы қаласының Медеу ауданындық прокуратурасы және полиция қызметкерлері есірткі дайындаумен айналысқан 3 жасырын зертхананың қызметін тоқтатты. Қылмыстық топ Алматыдағы жеке тұрғын үйлерді арнайы жабдықтап, онда күн сайын заңсыз айналымға шығару үшін есірткі заттарын дайындаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталып, заңсыз өндірілген психотроптық заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Ал қалған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты: олар кінәлі деп танылып, әрқайсысы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.