homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандықтар алтын алуды азайтты

12.02.2026, 15:09

Қазақстанның бағалы металдар нарығында сұраныс едәуір төмендеді. Ұлттық банктің соңғы мәліметінше, 2025 жылы екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктері халыққа жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 40 799 алтын құймасын сатқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда екі есе төмен. Айта кетсек, алдыңғы жылы отандастарымыз 2,5 тонна алтын сатып алып, рекорд орнатқан болатын. Сатылымның мұндай шұғыл азаюына әлемдік нарықтағы алтын бағасының 60 пайызға дейін қымбаттауы басты себеп болуы мүмкін. 

Статистика не дейді?
Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін:

  • Жалпы сатылған құйма саны: 263 479 дана;
  • Жалпы салмағы: 9 тонна.

Алтынды кімдер алады?
Алтын құймаларына деген қызығушылық әдеттегідей ірі мегаполистерде жоғары. Сатып алушылардың көш басында Алматы, Астана және Шымкент қалалары тұр.

Қайдан сатып алуға болады?
Қазіргі таңда халық алтын құймаларын келесі қаржы институттары арқылы заңды түрде сатып алып, қайта өткізе алады:

  • Halyk Bank;
  • Еуразиялық банк;
  • ЦентрКредит Банкі;
  • Alatau City Bank;
  • Жеке айырбастау пунктері.