homepage
Фото: Polisia.kz

Маңғыстауда апиын таратқан төрт адам ұсталды

12.02.2026, 13:01

Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан төрт жергілікті тұрғыннан құралған қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап Juzmedia.kz хабарлайды.

Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан 1,3 келі апиын және ірі сомада ақша тәркіленген. Тергеу дерегіне сәйкес, олар апиын тобына жататын есірткі заттарын заңсыз айналымға шығарумен айналысқан.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.