homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Түркия парламентінде тағы төбелес

12.02.2026, 12:04

Түркия парламентінде жаңа Әділет министрінің ант беру рәсімі кезінде депутаттар арасында жаппай қақтығыс шықты. Оқиға оппозициялық Республикалық халық партиясы мен биліктегі Әділет және даму партиясы өкілдері арасында болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оппозиция депутаттары президент Режеп Тайип Ердоған әділет министрі қызметіне ұсынған Акин Гюрлектің парламентте ант беруіне қарсылық білдіріп, рәсімді тоқтатуға тырысқан. Соның салдарынан залда айқай-шу шығып, депутаттар бір-бірін итеріп, кейбірі жұдырықтасуға дейін барған.

БАҚ мәліметінше, Акин Гюрлек бұған дейін Стамбұлдың бас прокуроры қызметін атқарған. Өткен жылдың наурызында ол қала мэрі Экрем Имамоглуға қатысты қамауға алу ордерін шығарған. Бұл шешім Түркияда жаппай наразылық акцияларының өтуіне түрткі болған еді.