homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Бұл жолғы референдум әлдеқайда қымбатқа түспек

12.02.2026, 11:43

Алдағы референдумды ұйымдастыруға 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, бұл жолы шығын көлемі алдыңғы референдумдармен салыстырғанда көбірек болады. Бұған сайлау учаскелерінің саны артуы және инфляция деңгейі әсер етіп отыр. Қаражат Үкіметтің резервінен бөлінеді. Нақты сома бір-екі күн ішінде жарияланады. 

Еске салайық, Қазақстанда соңғы референдум 2024 жылдың қазанында атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты өткен. Сол кезде науқанға 16,5 миллиард теңге бөлінген. Алайда дауыс беру аяқталған соң Орталық сайлау комиссиясы пайдаланылмаған 1,6 миллиард теңгені бюджетке қайтарған.