homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Ресейде WhatsApp пен YouTube толық бұғатталды

12.02.2026, 11:05

Ресей аумағында WhatsApp пен YouTube сервистері мүлде қолжетімсіз болып қалды. Бұл туралы «Коммерсантъ» басылымы жазды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Басылым мәліметінше, WhatsApp және web.whatsapp домендері Ресейдің Ұлттық домендік атаулар жүйесіндегі жазбалардан өшірілген. 10 ақпанда дәл осындай өзгеріс YouTube доменіне де қатысты болған. Соның салдарынан пайдаланушылардың құрылғылары аталған платформалардың IP-мекенжайларын ала алмай отыр. Қазір бұл сервистерге тек VPN арқылы кіруге болады.

Ұлттық домендік атаулар жүйесі ел ішіндегі интернеттің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылған. Сарапшылар шектеулер Роскомнадзор тарапынан енгізілген болуы мүмкін екенін айтады және оны техникалық ресурстардың шектеулілігімен байланыстырады.

Бұған дейін Роскомнадзор Telegram мессенджері Ресей заңнамасын орындамай отыр деп мәлімдеген. Өткен жылдың тамызында елде Telegram мен WhatsApp арқылы қоңырау шалуға шектеу қойылған еді. Жыл соңында реттеуші орган WhatsApp қызметі толық бұғатталуы мүмкін екенін ескерткен.