Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа таяу арада қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы ол Конституциялық комиссия төрағасы Эльвира Әзімованы, оның орынбасары Ерлан Қаринді және комиссия мүшесі Ержан Жиенбаевты қабылдау барысында айтты.
Конституциялық комиссия Президентке жаңа Ата заңның қорытынды жобасын ұсынды. Эльвира Әзімованың айтуынша, құжат комиссияның он екі отырысының қорытындысы бойынша әзірленген. Жоба азаматтар мен сарапшылардың былтырдан бері eGov және e-Otinish порталдары арқылы жолдаған ұсыныстары негізінде дайындалған.