Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаева ауыр инфаркт пен бірқатар қосымша сырқаттан кейін Алматыда дәрігерлердің бақылауында үй жағдайында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың мәліметінше, Сара Алпысқызы 2025 жылдың сәуір айынан бастап Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде емделген. Сол кезеңде оғанмиокард инфаркті диагнозы қойылған.
Дәрігерлер одан жүректің ишемиялық ауруын, жүрек пен өкпе жеткіліксіздігін, ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен асқынғаныны анқытады. Ұзақ уақыт бойы ол өкпені жасанды желдету және гемодиализ аппаратына қосылған.
«Жағдайының тұрақтануына байланысты биылғы қаңтар айында стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматыда үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, оның ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат 2025 жылдың 5 мамырында тараған болатын. Кейін әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы жалған мәлімет тарап, ресми дереккөздер бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.