homepage
Фото: Конституциялық сот

Комиссия: Жаңа Конституция референдумға шығаруға дайын

11.02.2026, 16:49

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады. Осылайша, ҚР жаңа Конституциясы референдумға шығарылмақ, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Комиссия мүшелерінің басым бөлігі жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығаруды қолдады. Комиссия президент жанындағы консультативтік орган болғандықтан көпшілік пікірін ескеріп, мемлекет басшысына пысықталған жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсыну қажет деп санаймын», – деді комиссия жетекшісі Әзімова.

Оның айтуынша, егер президент республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдаса, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия миссиясы орындалды деп есептеледі. Алайда жұмыс мұнымен тоқтамайды.

«Комиссия мүшелері жұмысын әрі қарай жалғастырады. Халықпен кездеседі. Жаңа Ата заң әділет, тұрақтылық, қоғам сенімінің негізіне айналуға тиіс», – деді ол.