Бұрынғы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның айтуынша, іс Қарағанды облысының хоккей клубына бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған.