homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Төртінші мұнай өңдеу зауыты Ұлытауда салынуы ықтимал

11.02.2026, 15:32

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысы аумағында бой көтеруі мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, жаңа зауыт жылына шамамен 10 миллион тонна мұнай өңдей алады. Қазір нысанды салудың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр.

Вице-министрдің сөзінше, сарапшылар есеп-қисап жұмыстарын жүргізуде. Зауыттың техникалық талаптары мен нақты орналасатын жері анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.