ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев экс-судья Сайлыбаеваның өліміне қатысты қылмыстық іс Ресейге берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары марқұмның күйеуі мен енесі Мәскеуде тұрып жатқанын жариялаған. Мәліметтерге қарағанда, Александр Донцов Мәскеудегі университеттердің бірінде жұмыс істейді. Құзырлы органдар істің қай елде қаралатынын қарастырып жатыр.