homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Украина елшісі: біз Қазақстанның инфрақұрылымына ешқашан шабуыл жасамаймыз

11.02.2026, 13:17

Виктор Майко Ресей мен Украина арасындағы соғыс биыл аяқталуы мүмкін деп санайды. Бұл туралы ол The Times of Central Asia басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Елшінің айтуынша, салынған санкциялар шегіне жетті. 

«Сондықтан мен соғыс биыл аяқталады деп сенемін. Мен бұған шын жүректен сенемін», – деді ол.

Майко Украина Қазақстанның экономикасы мен инфрақұрылымына ешқашан соққы жасамағанын атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстан украиналық шабуылдардың нысанасына айналған жоқ және айналмайды да. Бұл – Украинаның саяси және әскери басшылығының ортақ ұстанымы.  Елшінің сөзінше Қара теңіздегі соққылар тек Ресейдің әскери нысандарына бағытталған. 

«Украина азаматтық инфрақұрылымды емес, Ресей армиясына жанармай жеткізетін мұнай өңдеу зауыттарын нысанаға алады. Қазақстандағы нысандар ешқашан заңды әскери нысана ретінде қарастырылған емес», – деді ол.

Оның сөзінше, Қазақстан украиналық шабуылдардың нысанасына айналған жоқ және айналмайды. Бұл – Украинаның саяси және әскери басшылығының ортақ ұстанымы. Бұған дейін Дональд Трамп Украина мен Ресей арасындағы соғыстың жазға дейін аяқталғанын қалайтынын айтқан еді.