Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде күн жылынады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мамандардың мәліметінше, солтүстік-батыстан келген антициклон әсерінен көп өңірде күн ашық болады. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады, кей жерлерде жауын-шашын мол түсуі мүмкін.
Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болып, бұрқасын болуы ықтимал.
Алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Батыста түнде 15–25 градус аяздан 2–12 градус аязға дейін жұмсарады, күндіз 5–15 градус аяздан 5 градус жылыға дейін көтеріледі. Солтүстік пен солтүстік-батыста түнгі ауа температурасы 20–31 градустан 15–25 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 15–22 градустан 5–13 градус аяз аралығында болады.
Орталық өңірлерде түнде 20–31 градустан 12–23 градус аязға дейін жұмсарып, күндіз 10–20 градустан 1–12 градус аязға дейін өзгереді. Ал шығыста түнде суық күшейіп, сынап бағанасы 13–23 градустан 25–33 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.